Атырау, 27 қараша 09:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

«Бәрі автоматты режимде өтті»

1 959 просмотра

Сурет: vest.kzСурет: vest.kz«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ) облыстық филиалы бүкіл жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы активтерін және зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімшарттар бойынша міндеттемелерді қабылдау-таратудың аяқталғаны туралы мәлімдеді. Осыған орай БЖЗҚ мен Ұлттық банк филиалының өкілдері баспасөз конференциясын өткізді.

«БЖЗҚ» АҚ өңірлік желілерді басқару департаменті директорының орынбасары Сергей ГИЛЁВТІҢ айтуынша, 2014 жылдың 1 маусымында келісімшарттардың барлық түрлері бойынша БЖЗҚ салымшыларының жеке зейнетақы шоттарының мөлшері 9 млн 800 мыңнан астам, қазақстандықтардың жалпы жинақ сомасы – 4,099 трлн теңге құраған.

- Қазіргі уақытта бүкіл жеке зейнетақы қоры салымшыларының барлық жеке зейнетақы шоттары БЖЗҚ-да жатыр. Зейнетақы активтерін сенімді басқаруды ҚР Ұлттық банкі жүзеге асыруда. Қазір БЖЗҚ-ға салымшылардың жеке зейнетақы шоттары бойынша тарихи ақпараттарды және қағаз бен электронды тасымалдаушылардағы мұрағаттарды  табыстаудың екінші кезеңі аяқталуда.

«БЖЗҚ» АҚ облыстық филиалының директоры Вячеслав ЖҰМЫРОВсалымшыларға зейнетақы келісімшарттарын қайта жасау үшін БЖЗҚ кеңселеріне барудың қажеті жоқ екенін атап өтті:

- Бәрі автоматты режимде өтті. Қандай да болмасын құжаттарды қайта жасаудың қажеті жоқ. Бір ғана нәрсе – зейнетақы жинақтарының жүйесіне енді ғана кіріп жатқан жандарға келісімшарттар жасау керек. Бізден өзіңіздің зейнетақы шотыңыз бойынша көшірмесін алып, оны өзіңіздің бұрынғы зейнетақы қорыңыздың соңғы көшірмесімен салыстыра аласыз. Әзірге Атырау облысының азаматтарынан шоттарында әлдене жоғалғандығы туралы бірде-бір шағым болған емес. Бүкіл жинақтар толықтай аударылды.

БЖЗҚ Атырау филиалы мен оның бөлімшелерінің мекен-жайы:
Атырау қаласындағы облыстық филиал:
Азаттық даңғылы, 48 ("Премьер - Атырау" бизнес орталығының ғимараты), тел.:  8 (7122) 32 25 70, 32 24 14.
Атырау қ. №1 бөлімше: Сәтпаев, 32-үй, 17-пәтер, тел: 8 (7122) 20 08 96, 20 07 08
Аққыстау селосындағы қызмет көрсету орталығы (ҚО): Егемен Қазақстан көшесі, 14-үй, тел: 8 (71231) 21 849, 20 093 
Ганюшкин селосындағы ҚО: Ғилаев көшесі, 10-үй, тел: 8 (71233) 20 711, 20 890
Миялы селосындағы ҚО: Құттыбаев көшесі, 9-үй, тел: 8 (71238) 21 462, 21 268
Мақат поселкесіндегі ҚО: Сәтпаев көшесі, 73-үй, тел.: 8(71239) 30 091
Доссор поселкесіндегі ҚО: Мұнайшылар көшесі, 1-үй, тел: 8 (71235) 23 027, 23 028
Индер поселкесіндегі ҚО: Бейбарыс көшесі, 2-үй, 22-пәтер, тел: 8 (71234) 22 198, 55 582
Құлсары қаласындағы ҚО: Әбдірахманов көшесі, 30 «А», тел: 8 (71237) 52 119, 52 063
Махамбет селосындағы ҚО: Абай көшесі, 14/1-үй, тел: 8 (71236) 21 217

БЖЗҚ өкілдері бүгінгі күні салымшыларға қолайлы болу үшін нақты уақыт режимінде олардың зейнетақы шоттарынан көшірмелерді алудың жаңа әдістері жасалғандығын және оларды жетілдіру жұмыстары жалғасып жатқанын әңгімеледі. Қазіргі кезде өз зейнетақы шоты бойынша көшірмені салымшылар электронды түрде немесе ХҚО арқылы ала алады.

- ЖҚО арқылы көшірме алған кезде, онда тек зейнетақы жарналары ғана бейнеленетінін қаперде ұстаңыз. Күн сайын есептелетін инвестициялық табыс әзірге тек электронды көшірмелерде ғана бейнеленеді, - деп атап өтті В.Жұмыров.

- Бүгінде БЖЗҚ салымшылардың жақсы хабардар болуын қамтамасыз ету үшін тиісті министрліктермен және ведомостволармен бірлескен жұмыс жүргізуде, соның ішінде электронды үкімет арқылы. Таяу уақыттарда ХҚО арқылы да, e-gov ресурсы арқылы да зейнетақы шоттарынан көшірмелерді толықтай алу мүмкін болады, - деп хабарлады С. Гилёв.

Сәуірде БЖЗҚ Android жәнеiOSоперациялық жүйелерде жұмыс істейтін смартфондар мен планшеттер үшін ENPFқосымшасын жасақтап, енгізді. Қосымшаны Google Play мен AppStore ресми дүкендерінен тегін жүктеп алуға болады. Сол кезде онлайн режимінде көшірмелерді өз зейнетақы шоттарынан қарауға, жақын жердегі филиалмен байланысуға немесе call-орталықпен хабарласуға, сондай-ақ БЖЗҚ қызметі туралы ақпарат алуға болады. Баспасөз конференциясында Қазақстанның зейнетақы жүйесіндегі кейбір өзгерістер айтылды. Мәселен, 2014 жылдың 1 сәуірінен бастап зейнеткерлік жасқа жеткен салымшылар үшін БЖЗҚ-ның зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасының орташа мөлшері 28 620 теңгеге көбейіп, 652 080 теңгені құраған (төменгі зейнетақының 30 есе мөлшері).

Тамара СУХОМЛИНОВА

4 шілде 2014, 10:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.