Атырау, 24 қараша 15:42
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Бразилияда көпір құлады

1 738 просмотра
Бразилияның Белу-Оризонти қаласында көпір опырылып құлап, салдарынан екі адам көз жұмды. Тағы 22 адам түрлі дене жарақаттарын алған деп хабарлайды Би-би-си. 

Құрылысы толық аяқталмаған нысан автомобиль жолының үстіне опырылып түскен. Бұл сәтте оның астымен бірнеше көлік өтіп бара жатқан көрінеді. Жергілікті тәртіп сақшыларының айтуынша, қирандылар астында тағы да адам денелері болуы мүмкін.
Аталған көпір құрылысы Әлем чемпионатының ашылуына дейін аяқталуы тиіс болатын. Алайда, құрылыс компаниялары жұмысты аяқтауға асықпаған. Апат болған сәтте көпір астында қоғамдық автобус пен екі жүк көлігінің болғаны анық. Автобустың жүргізушісі - әйел адам оқиға орнында тіл тартпай кетті. Абырой болғанда, қоғамдық көлікте жолаушылар болмаған.
Құрылысты жүргізген компания басшылары болған жайьқа байланысты тексеру жүргізетінін мәлімдеді.
Айта кетейік, Белу-Оризонти қаласында Әлем чемпионатының жартылай финалдық кездесуі өтеді.

Дереккөз: Baq.kz

4 шілде 2014, 10:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.