Украина сыртқы істер министрі Павло Клименко (сол жақта) мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров. Берлин, 2 шілде 2014 жыл.Украина, Ресей, Германия және Францияның сыртқы істер министрлері Украинаның шығысындағы қақтығыстарды тоқтатуға шара жасауға уағдаласты- деп хабарлайды Азаттық радиосы.
2 шілде күні Берлинде өткен келіссөздерден кейін министрлер бірлесе жасаған мәлімдемеде 5 шілдеден кешіктірмей Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) бақылауымен бейбіт келіссөздер бастау қажеттігі айтылған.
Ресей жағы бітім жарияланғаннан кейін украиналық шекарашыларға шекараның түйісетін тұстарын бақылауға көмектесуге келіскен.
Германия сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайер Берлинде өткен келіссөздерді "конструктивті" деп атап, оған қатысушы тараптар "өздеріне жүктелген жауапкершілікті сезінетінін" айтты.
30 маусым күні Украина президенті Петр Порошенко уақытша бітім режимін ұзартудан бас тартып, армия ресейшіл сепаратистерге шабуылдарын қайта жалғастырған.
Дереккөз: Азаттық радиосы