Атырау, 24 қараша 15:38
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Samsung» енді «плазманы» шығармайтын болды

1 588 просмотра
Кореялық «Samsung» концерні биылдың қарашасынан бастап теледидарлық плазмалық панельдерді шығаруды доғаратындығын жариялады.

ВВС-дің жазуынша, компания бұл шешімін теледидарлардың бұл түріне сұраныстың төмендеуімен түсіндіріп отыр. Осы орайда олар имек панельдер мен экрандарының бейнесі өте жоғары теледидарларды жетілдіруге басымдық бермек.

Соңғы жалдары «плазмалардың» өндірісінен жапондық «Panasonic», «Sony», «Hitachi» және «Pioneer» секілді алпауыт фирмалар бас тартқан болатын.

Плазмалық панельдер өте жоғары сапалы бейнелерімен ерекшеленеді, алайда электр энергиясын көбірек пайдаланады. Сонымен қатар олар басқа технологиялармен жасалған соңғы буынды теледидарлармен салыстырғанда ауырлау келеді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

4 шілде 2014, 09:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.