Атырау, 27 сәуір 22:04
 ашықВ Атырау +15
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Батпырауықтар мерекесі

10 972 просмотра

6 шілде күні кешкі алтыда Исатай-Махамбет алаңының аспаны түрлі-түсті бояулармен көмкеріледі: қала Астананың туған күнін батпырауықтар фестивалімен тойламақшы.  

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл өз қолымен батпырауық жасай алатындарға арналған байқау, қала халқына үлкен думан болады. 

Жалпақ, иілген, қорап тәріздес, қатты емес батпырауықтарды, сондай-ақ, кез-келген материалдан жасалған радиобасқару құрылғыларын ұсыну керек, дейді ұйымдастырушылар. Басты талап: құрылғы әуеде кемінде бес минут қалықтауы керек. Жібінің ұзындығы 70 метрден аспауы, диаметрі 80 миллиметрден кем болмауы қажет.

Қатты құрылымдарды, кесетін және тесетін заттарды пайдалануға болмайды. Дүкеннен сатып алынған батпырауықтар байқауға қатыспайды.  

Негізгі бағалау критерийлеріне батпырауықтың безендірілуі, «ұшқыштығы», сондай-ақ басқаруға көнуі және ыңғайлылығы кіреді. Байқау қатысушылары басталғанға дейін, яғни, сағат 17.00-ге дейін тіркеліп үлгеруі керек. Ұйымдастырушылардың айтуынша, барлық қатысушылар арнайы дипломдар мен сыйлықтарға ие болады.

Анастасия ПАСТУХОВА

4 шілде 2014, 11:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.