Бұл жағдайға қатысты қытайлық билік қысқа ғана түсініктеме берген: ораза ұстау кезінде адамдар аш жүретіндіктен адамдардың денсаулығына нұқсан келуі мүмкін, біз олардың денсаулығы үшін алаңдаймыз.
Хабарламада бұл жаңалыққа халық арасында қарсы пікір туындамады делінген. Керісінше, мемлекеттік мекемелердің бірі күндізгі уақытта ас ішіп отырған фотосын жариялапты. Олар бұдан еш жамандық көрмегенін, қайта аш жүріп жұмыс істемейтін болдық деп үн қатқан көрінеді.
Айта кетейік, Қытайда ұйғырлардың саны 10 миллионнан асып жығылады және олар бұл елдегі саны жағынан екінші орында тұрған мұсылман қауымы.
Дереккөз: ҚазАқпарат