Атырау, 27 сәуір 21:22
 ашықВ Атырау +15
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Нью-Йоркте Бруклин көпірінің бір бөлігі опырылып құлады

1 572 просмотра

Нью-Йоркте Бруклин көпірінің бір бөлігі опырылып құлап, 5 адам зардап шекті. CBS Local хабарлауынша, оқиға сәрсенбі күні сағат 19:40 шамасында болған, деп жазады Лента.ру.

Бруклин көпірінің сән үшін жасалған бөлігі адамдар жүретін жерге құлаған. Нью-Йорктің өрттен сақтандыру департаментінің өкілінің айтуынша, жеңіл жарақат алған 5 адам жергілікті ауруханаға жеткізілген.

ABC News нөсер жауыннан кейін көпірді су басуы оның сегіз метрдей жерінің құлауына себеп болғанын жазды.

Бруклин көпірі Нью-Йорктің Бруклин ауданы мен Манхэттенді жалғап тұрған көне көпір. 1883 жылы салынған нысанның ұзындығы 1825 метрді құрайды.

Дереккөз: bnews.kz

 

3 шілде 2014, 15:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.