Атырау, 18 мамыр 13:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Кісі өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы (облыстық соттың, ІІД-нің комментарийлері, ФОТО, БЕЙНЕЖАЗБА)

4 827 просмотра

2 шілдеде Атырауда Махамбет пен Сатыбалдиев көшелерінің қиылысында кісі өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы орын алды.

ІІД әкімшілік полициясы басқармасының штаб бастығы Арман МЕҢДАЛИЕВ хабарлағандай, көлік оқиғасы таңертеңгі сағат сегіз жарымдарда болған. Махамбет көшесінің бойымен келе жатқан «Шевроле Каптива» көлігінің жүргізушісі бағдаршамның қызыл шамына тоқтамай, көлігі тоқтап тұрған «Киа-Серато» көлігіне соқтығысып, содан соң серпінмен қарсы жолаққа шығып кетіп, жолдан өтіп бара жатқан 45 жастағы әйелді қағып кеткен. Жаяу жүргінші алынған зақым салдарынан жедел жәрдем көлігінің ішінде қайтыс болды. «Шевроле Каптива» жүргізушісіне (№2 қалалық сотта хатшысы болып жұмыс істейді) медициналық көмек қажет болмаған.

ІІД баспасөз қызметінде хабарлағандай, оқиғаға кінәлі тұлғаға қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-тармағы (Абайсызда кiсi өлiмiне әкеп соққан көлiк құралдарын жүргiзушi адамдардың жол қозғалысы ережелерiн бұзуы) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Облыстық соттың баспасөз хатшысы Боранбай ҒАЛИЕВТЫҢ айтуынша, 2 шілдеде әйел өліміне әкелген жол-көлік апатын жасаған №2 қалалық сотының хатшысы, 1991 жылғы Алтынгүл МАЕВАҒА қатысты қызметтік тергеу жүргізілуде.

ІІД-нің анықтау басқармасының аға тергеушісі Қадырбек ӘБІШЕВТІҢ айтуынша, қаза болған Алтынай ҚАЙРОШЕВА 1968 жылы туылған, төрт баланың анасы екен. Атырауға Қызылқоға ауданының Миялы поселкесінен келіпті. Отбасымен Сатыбалдиев көшесіндегі жалдамалы үйде тұрған. «Тамаша» сауда-ойын сауық кешеніндегі «Лидер» дүкенінде қоймашы болып жұмыс істеген. Апат болған кезде жұмысына кетіп бара жатқан екен.

А.Маева көлікті сенімхат бойынша жүргізген, апат болған кезде мас болмаған. Жұмысына бара жатқан. Оның қандай жылдамдықпен келе жатқанын ІІД хабарлаудан бас тартты.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

 

3 шілде 2014, 14:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.