Атырау, 26 желтоқсан 04:08
 ашықВ Атырау -7
$ 512.81
€ 604.19
₽ 6.57

Украинада «байларға» арналған салық туралы заң күшіне енді

1 806 рет қаралды
Украинада кірісі 500 мың гвн және одан жоғары азаматтардың табысына үш ставкалы салық салынатын болды, деп хабарлайды Киевтегі BNews.kz меншікті тілшісі. 

 Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап № 1166-VII «Қаржылық апаттың алдын алу және Украинаның экономикасын дамыту үшін жағдай жасау туралы» заңға сәйкес, жеке тұлғалардың табысына салынатын салықтың қатаң шкаласы енгізілді.

Қосымша табысқа салынатын салықтың үш ставксы бар: 15% (табыс көлемі 500 мың гвн болған жағдайда), 20% (1 млн гвн-ге дейін) және 25% (1 млн гвн-нен жоғары).

Құжатта бұл жаңашылдық пассивті табыстарға қатыстылығы айтылған. Олардың қатарына дивидендтер, пайыздар, роялти мен инвестициялық табыстар да кіреді. Атап өтерлігі, салықтың жалақыға еш қатысы жоқ.

Дереккөз: bnews.kz

2 шілде 2014, 11:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.