Атырау, 24 қараша 15:00
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Францияның экс-президентіне «жемқор» деген айып тағылды

2 532 просмотра
Францияның бұрынғы президенті Николя Саркозиге ресми түрде сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген айып тағылды. Бұл турады Agence France-Presse жергілікті прокуратураға сілтеме жасап хабарлайды, деп жазады Лента.ру. 

 AFP мәліметтеріне сәйкес, Саркозиге пара беру, қызметтік бабын жеке мақсатта пайдалану (сауда айналымына ықпал ету) және коммерциялық құпияның бұзылу оқиғасын жасыру сынды айыптар тағылып отыр.

Сейсенбі күні кешке Франция астанасының маңындағы Нантер кентінде қызметтік бабын асыра пайдаланды («Бетанкур» ісі бойынша) деген айыппен қолға түскен Сарркози 15 сағаттық жауап алу іс-шарасынан кейін судьямен кездесу үшін жасырын түрде Парижге келіп жеткен. Кездесу соңынан судья бұрынғы президентке ресми түрде айып тағу туралы нақты шешім қабылдауы керек болатын.

Саркози, сондай-ақ, судьядан 2007 жылғы сайлау науқанын ливиялық диктатор Муаммар Каддафи заңсыз қаржыландырды деген істің жүру барысы туралы ақпарат алды деген күдік бар. Оған қоса, сот өкілі Саркозиді оның телефоны тыңдалатыны жөнінде ескертті деген болжам жасалуда.

2011 жылдың наурызында Каддафидің ұлы Сейф әл-Ислам Франциядағы президент сайлауы алдында оның отбасы Саркозиге 50 млн еуро жолдағанын жария еткен болатын. Сондай-ақ бұрынғы президентке сайлау алды науқаны үшін L’Oreal-дің иесі Лилиан Бетанкурдан заңсыз негізде 150 млн еуро алды деген айып та тағылғаны есімізде.

Еске сала кетейік, Францияда сайлау кезінде үміткерлерге жеке тұлғалардан 4600 еуродан артық қайырымдылық көмек алуға тыйым салынады. 

Дереккөз: bnews.kz

2 шілде 2014, 11:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.