Еуразиялық экономикалық одақ (ЕЭО) - бұл әлемнен оқшаулану емес, дейді Ресей президенті Владимир Путин, деп жазады РИА Новости.
"Еуразиялық интеграциялық жобаны алға жылжыту арқылы біз ешқандай жағдайда әлемнен оқшауланбаймыз. Біз еркін сауда аймағын жекелеген мемлекеттермен де, аймақтық бірлескен одақтармен де, бірінші кезекте Еуроодақпен қарастыруға дайынбыз", - деді Путин Ресейдің елшілері мен тұрақты өкілдері жиналысы барысында.
Президенттің айтуына қарағанда, ЕЭО ТМД елдері арасында үлкен қызығушылыққа ие болыр тұр. Ол алдағы уақытта Арменияның ЕЭО толыққанды мүше болатынын еске салып өтті. Одан бөлек, Қырғызстанның бұл одаққа мүше болу туралы келіссөздер жүріп жатқанын қоса кетті. Сондай-ақ, президент Еуразиялық экономикалық одақтың "Достастық елдері қатарына кіретін өзге де мемлекеттер үшін" есігі ашық екенін айтты.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркияға ЕЭО-ға мүше болу туралы ұсыныс жасаған еді. "ЕЭО мүше болғысы келетін барлық елдер үшін ашық. Мысалы, алдағы уақытта Түркия және өзге де елдер бұл ұйымның ассаоциялық мүшесі бола алар еді", - дейді мемлекет басшысы.
Айта кетейік, 29 мамыр күні Қазақстан, Ресей және Беларусь елдері Еуразиялық экономикалық одаққа келіскендігі туралы құжатқа қол қойды. Ол 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап өз күшіне енеді. ЕЭО құрылуы Кедендік одақ аясындағы елдердің интеграциясын жаңа белестерге шығарады.
Дереккөз: tengrinews.kz