Түркияның Премьер-министрі Реджеп Тайып Эрдоған ел президентінің орынтағынан үміткер атанды. Бұл туралы Reuters хабарлайды.
Эрдоғанның кандидатурасын Түркияның билік басындағы Әділдік және даму партиясы ұсынып отыр.
Айта кетейік, бұдан бұрын өз кандидаттарын оппозициялық халықтық-республикалық партия мен ұлттық іс-қимыл партиясы (кандидат Экмеледдин Ихсаноглу), сондай-ақ халықтық-демократиялық партия (Селахаттин Демирташ) ұсынған болатын.
2014 жылғы маусым айында елдің басқарушы партиясы Эрдоғанды президенттік сайлауға үміткер ретінде ұсынатыны белгілі болды.
Түркиядағы президенттік сайлау 2014 жылғы 10 тамызда өтеді. Бұл елдегі алғашқы бүкілхалықтық президент сайлауы болмақ, бұған дейін президентті парламент сайлайтын. Егер бірінші турда бірде-бір кандидат жеткілікті дауыс жинамаса, екінші тур 24 тамызда өткізіледі, деп жоспарланып отыр.
Дереккөз: ҚазАқпарат