Атырау, 5 желтоқсан 17:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Тәжікстанда Рамазан айы қарсаңында азық-түлік бағасы бақылауға алынды

1 811 рет қаралды

Дүйсенбі күні өткен үкімет отырысында республика президенті Эмомали Рахмон Қасиетті Рамазан айында азық-түлік, оның ішінде ет бағасының негізсіз қымбаттап кеткенін айтқан болатын.

«Мемлекет басшысы оның себебін анықтап, мәселені шешуді жүктеді. Мұсылман салтына сәйкес бұл уақытта бағалар шарықтамай, қайта төмендеуі тиіс», - деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Соңғы күндері Душанбе базарларында баға күрт өсіп кеткен, мәселен ет 20%-ға қымбаттапты.

Қала басшысы Махмадсаид Убайдуллоев дүйсенбі күні жиын өткізіп, 20 түрлі азық-түлік бағасын төмендетуді тапсырды. Коммуналдық және жекеменшік базар басшыларына еттің келісі 36 сомони (7,03 доллар) шамасында болуы қажеттігі ескертілді. Бағаны бақылау үшін сыртқы бейне бақылау камералары орнатылады.

Дереккөз: bnews.kz

 

1 шілде 2014, 14:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.