Саркози Парижге жақын Нантерр қаласында жемқорлыққа қарсы полиция басқармасының кеңсесіне өз еркімен келді деп хабарлануда.
ИТАР-ТАСС белгілі дереккөздерге сүйене отырып бұрынғы президенттің қамауға алынғанын хабарлады. Ел президентінің қамауға алынуы қазіргі заманғы Францияда болып тұрған бірінші жағдай. Мұндай режим бойынша ол 24 сағатқа қамалады, одан кейін тағы бір рет бір тәулікке дейін қамалуы мүмкін.
Дереккөз: ҚазАқпарат