Атырау, 27 қараша 08:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Әуежай тас жолын 9 шілдеде ашады

1 537 просмотра

1 шілдеге жоспарланған әуежай тас жолын ашу мерзімі кейінге шегерілді.

Естеріңізге салсақ, жолды қайта салу үшін 17 мамырда жапқан болатын. Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық әріптестігі форумына дайындалу аясында жол төсеніші мен Мостовой жырасы арқылы өтетін өткел кеңейтіледі. Қала билігі ең көп пайдаланылатын осы қалалық маршруттың жабылуы туралы хабарлаған кезде жұмыстар бір жарым айға созылады деген болатын. Алайда тапсырыс беруші ұсынған мерзімде мердігер - «Атырауинжстрой» ЖШС жұмысты аяқтай алмай отыр. 

– Осындай үлкен жұмыс үшін бұл өте қысқа мерзім, – деді телефон арқылы «Атырауинжстрой» жол-құрылыс компаниясының техникалық директоры Валерий КУДРЯКОВ. – Біз бітіруге тырысып бақтық, алайда бұл қиын. Қазір әуежай мен «Қазмұнайгаз» (Әлиев көшесіне бұрылыс) жанар-жағар май құю бекеті арасындағы учаскеде жұмыстар аяқталып, ашылды. Трассаның қалған учаскесін (Сәтпаев айрығын қоса алғанда) 9 шілдеге қарай ашамыз деп жоспарлап отырмыз.

Айта кетсек, 9 шілде күні Атырауға премьер–министр Кәрім МӘСІМОВ келмекші.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

1 шілде 2014, 12:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.