Атырау, 18 мамыр 14:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

«Мұнайшы» спорт кешені туралы іс

4 255 просмотра

Қаржы полициясының департаменті «“Мұнайшы” спорт кешені» КҚМК директорына қатысты ҚР ҚК-нің 176-бабы 3-тармағының «б» және «г» тармақшалары («Мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамның сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi ірі мөлшерде иеленiп алуы немесе ысырап етуі») бойынша қылмыстық іс қозғады.

Облыстық қаржы полициясының баспасөз хабарламасында былай делінген: «“Мұнайшы” спорт кешені» КҚМК директоры азамат К. 2013 жылдың қаңтары мен 2014 жылдың наурызы аралығында іс жүзінде осы мекемеде жұмыс істемейтін 8 азаматқа заңсыз жалақы төлеп, осылайша жалпы сомасы 3,2 млн теңге мөлшерінде сеніп тапсырылған бюджет қаржысын ысырап еткен.

Қылмыстық іс тергелуде. Нәтижелері жұртшылыққа жеткізілетін болады».

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

1 шілде 2014, 11:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.