Атырау, 24 қараша 14:38
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Түркияда алапат өрт болып, 4 қонақүй түгелдей жанып кетті

2 360 просмотра
Түркияның Анталье провинциясында алапат өрт болып, 4 қонақүй, бір дүкен мен мейрамхана түгелдей жанып кетті. 18 сағатқа созылған өрт ғимараттармен қоса, қарағайлы орман мен жеміс-жидек бақшасын жайпап өтті, деп хабарлайды РБК. 

Тілсіз жаумен арпалысқан өрт сөндірушілер жерден де, аспаннан да су шашты. Дегенмен лапылдаған отты 18 сағатта әрең ауыздықтады. Сол уақытта 125 гектар жер отқа оранып үлгерді. Mitah Hotel, Cici Baba Hotel, Erenler Hotel, On Hotel қонақүйлері енді туристерді қабылдай алмайтыны анық. Бұл ғимараттардың күлі ғана қалды.

Абырой болғанда, қонақүй тұрғындарының бір де бірі зардап шеккекн жоқ. Оларды дер кезінде эвакуациялап үлгерді.

Алдын ала ақпарат бойынша, өрттің шығуына күн ыстықта алау жаққан адамдардың абайсыздығы себеп болған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

1 шілде 2014, 10:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.