Атырау, 28 желтоқсан 23:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 504.60
€ 594.27
₽ 6.48

Құлсары тұрғыны дүниеге үшем әкелді

2 717 рет қаралды

26 маусым күні облыстық перзентханада құлсарылық Эльвира Айденова бірден үш сәбиді: екі ұл мен бір қыз баланы дүниеге әкелді.

Үшеудің ең салмақтысы қыз бала болса (2 келі 700 грамм), ұлдар 2 келі 40 грамм және 1 келі 900 грамм салмақта. Бүгінгі күні сәбилердің анасының да, бөбектердің де жағдайлары жақсы. Енді отбасында төрт бала бар (тұңғышы Таңжар төрт жаста).

Бақытты ата-аналар Әсет пен Эльвира әзірге кішкене бөбектердің есімдерін қойған жоқ.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

30 маусым 2014, 17:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.