Атырау, 27 қараша 08:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Бізде – Астанада емес

1 910 просмотра

25 маусымда ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Мұхит ІЗБАНОВ (суретте) Мемлекеттік қызметшілер күніне орай баспасөз конференциясын өткізді. Ал облысымызда 3642 мемлекеттік қызметшілер бар.

М.Ізбанов, атап айтқанда, енді ауылдық округтердегі мектеп директорлары мен әкімдер тендерлер өткізбейтіндігін хабарлады. Бұл сыбайлас жемқорлық алаңын қысқартады.

Мемлекеттік қызметшілердің, әрине, өз проблемалары бар. Мәселен, олардың өз емханалары жоқ, сондықтан оларға жұмыс кезінде дәрігер кезегіне тұруға тура келеді. Астанада, мәселен, министрліктердің бүкіл мамандары емханаларға бекітілген. Қызметтік куәлігін көрсетсе, медициналық тексеруден тездетіп өте қояды. Атыраудағы мемлекеттік қызметшілерге арналған әлеуметтік пакеттен суда жүзуге, футбол мен волейболға қатысу үшін тегін абонементтерді айтуға болады. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметте парасатты жас мамандарды ұстап қалу өте қиын. Оларды жоғары жалақы ұсынатын жеке компаниялардың кадрлық қызметкерлері алып кетеді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ 

30 маусым 2014, 15:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.