Атырау, 24 қараша 14:29
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Олимпиада-2022: Львов та өз кандидатурасынан бас тартты

1 789 просмотра

2022 жылғы Олимпиада ойындарын қабылдауға үміткер болған Украинаның Львов қаласы өз кандидатурасынан бас тартты. Бұл туралы Тengrinews.kz Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

2022 жылғы Олимпиада ойындарының орнына Львов енді 2026 жылғы жазғы Олимпиада ойындарын қабылдау үшін дайындалатын болады. "Бідің арнайы мамандар Львов 2022 жылғы қысқы ойындарын қабылдауға дайын емес екендігін анықтады. Оның үстіне қазір бұл елдің саяси жағдайы да тұрақты емес. Бұл жайттарды ескеретін болсақ, Львов енді 2026 жылғы жазғы Олимпиада ойындарын қабылдауға дайындалғаны дұрыс", - дейді ХОК президенті Томас Бах.

Осылайша енді 2022 жылғы Олимпиада ойындарын қабылдауға үміткер қалалар қатарында Алматы (Қазақстан), Бейжің (Қытай) және Осло (Норвегия) қалды. Еске салайық, бұған дейін өз кандидатурасынан польшалық Краков қаласы ресми түрде бас тартқан еді. 2022 жылғы Олимпиада ойындарын өткізуден Норвегияның Осло қаласы да бас тартуы мүмкін. Өйткені, бұл елде билікке келген Өрлеу партиясы Олимпиаданы қаржыландырудан бас тартып отыр.

Айта кетейік, Халықаралық Олимпиада комитеті 2022 жылғы Олимпиада ойындарын қабылдайтын қаланы 2015 жылдың 31 шілдесінде Малайзия астанасында жария етеді.

Дереккөз: tengrinews.kz

30 маусым 2014, 14:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.