Атырау, 24 қараша 14:47
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Израиль премьер-министрі тәуелсіз Күрдістан мемлекетін құру идеясын қолдады

1 764 просмотра

Израильдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Таяу Шығыста «Ирак ислам мемлекеті және Леванта» тобына қарсы әрекет етуді күшейту мақсатында тәуелсіз Күрдістан мемлекетін құру идеясын қолдады.

"Күрдтер - саяси тұрақтылықты ұстап тұра алатынын және дербес мемлекет құруға лайық екендіктерін дәлелдеген жауынгер халық",- деп мәлімдеді Израиль премьері.

Сондай-ақ, ол өз елінің Иорданияны қолдайтынын атап өтті. Исламшылардың осы ел аумағында болуына кедергі келтіріп, Израильге қауіп төндіру қажет деп атап өтті Б.Нетаньяху.

Күрд сарбаздары солтүстік Иракта жақында болған ұрыс кезінде Киркук қаласын өз бақылауына алған болатын.

Дереккөз: ҚазАқпарат

30 маусым 2014, 12:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.