Британдық танымал әнші Элтон Джон қараша айында Ресейге келіп, Владимир Путинмен кездесуді жоспарлап отыр. Екіжақты әңгіме барысында әнші Ресейдегі гейлердің құқығын қорғамақ ниетте. Бұл жайында Элтон Джонның өзін Sky News телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеген.
"Мен Путинмен жолығамын және келіссөздер жүргіземін. Бұл әрекетімнен не шығарын білмеймін, бірақ тонымды шешіп алмас" деді ол тілшілермен әңгіме барысында.
Айта кетейік, Ресейде осыдан тура бір жыл бұрын балалар арасында гомосексуализмді насихаттауға тыйым салынған болатын. Ол заңды бұзған адамға салынатын айыппұл көлемі 1 миллион рубльге дейін жетеді.
Аталған құжат қабылданысымен Батыс жұртшылығы арасында наразылық туындаған болатын.
Дереккөз: Baq.kz