Атырау, 27 қараша 08:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Бір күнде бірнеше мереке

6 100 просмотра

Баспасөз күні (5 мамыр), Журналистика күні (10 мамыр), Баспасөз, теледидар және радио күні (маусымның соңғы жексенбісі) және Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні (28 маусым) – сан алуан кәсіби мерекелердің әрқайсысының уақыты мен атауы дәл бұлайша жиі өзгермеген шығар.

1991 жылдан бері мемлекеттік өкілетті органдардың өздері – БАҚ кураторлары жеті рет өзгерді. Биылғы жылдың наурызынан бастап ол ҚР Байланыс және ақпарат агенттігі болып табылады.Төрағасы – Асқар ЖҰМАҒАЛИЕВ, біздің бұқаралық коммуникацияның ахуалына қарағанда, парасатты радиоинженер әрі шетелден білім алған сауатты топ-менеджер. Оның Жоғарғы сот төрағасы Қайрат МӘМИДІҢ қызына үйленгендігі мансап баспалдағындағы елеусіз тірек қана.

Әрине, техникалық шығармашылықты ешкім де жоққа шығармайды. Алайда байланыс пен журналистика, ақпараттандыру мен ақпарат бір біріне еш қатысы жоқ екі түрлі нәрсе.

Мерекеге оралсақ: мәселен, бізге облыс әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВТІҢ бұл күндері «Қазақтелеком» немесе «Қазпошта» ұжымдарымен кездескен-кездеспегендігі беймәлім. Алайда жұма күні, 27 маусымда ол Құрманғазы атындағы Мәдениет сарайында өткен журналистердің салтанатты жиналысына келіп, грамоталар мен басқа марапаттарды табыс етті. Сәл кейінірек БАҚ басшыларын Атырау қаласының жаңа әкімі Нұрлыбек ОЖАЕВ өз қабылдауына шақырып, үш редакция ұжымына теледидардан табыстады.

Өз ақпаратымыз

29 маусым 2014, 20:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.