Сурет "АЖ" мұрағатынан алынды
28 маусымда футболдан ел чемпионатының 18-турының жергілікті матчында «Атырау» талдықорғандық «Жетісумен» кездесті.
Ойын басталысымен-ақ біздің футболшылар үшін сәтсіз болды. 10-минутта меймандардың шабуылшысы ивуарлық Боти ДЕМЕЛ есеп ашты. Үзіліс жарияланғанша таблодағы цифрлар өзгеріссіз қалды. Ал екінші таймда «Жетісудың» шабуылшысы Денис РОДИОНОВ басты ойнаушы тұлғаға айналды. Ол Атырау футболының шәкірті, көп жылдар бойы біздің командамыз үшін ойнаған және «Атырау» өткен жылдың аяғында оның қызметінен бас тартқан ойыншы болатын. Алдымен 66-шы минутта ол автогол соқты, содан кейін 84-ші минутта командалық серіктерінің алдында өзін ақтап шығып, өзінің бұрынғы клубының қақпасына шешуші гол салды. Матч меймандардың пайдасына 2:1 есебімен аяқталды.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
В Н П З-П О
1. Ақтөбе 10 6 2 27-8 36
2. Қайрат 10 3 5 27-17 33
3. Шахтёр 10 2 6 30-19 32
4. Астана 8 7 3 26-16 31
5. Қайсар 7 6 5 18-19 27
6. Ордабасы 7 4 7 19-20 25
7. Атырау 6 6 6 18-17 24
8. Жетісу 6 4 8 14-17 22
9. Тобыл 5 7 6 17-23 22
10. Ертіс 6 3 9 23-26 21
11. Тараз 4 3 11 15-29 15
12. Спартак 2 3 13 11-34 9