26 маусымда облыстық мешіттің бас имамы Батыржан МАНСҰРОВ 28 маусымда басталатын қасиетті Рамазан айына орай баспасөз конференциясын өткізді.
Биыл Ораза тұту 28 маусымнан 27 шілдеге дейін жалғасады. Қадір түні немесе «Ләйлә-тул-Қадыр» 23-інен 24-іне қараған түнге сәйкес келеді. Ораза айттың басталуына орай айт намазы 28 шілдеде таңғы сағат 7-де басталады. Пітір садақа мереке басталғанға дейін берген жөн. Оның төменгі мөлшері әр адамнан 200 теңгеден.
– Ораза кезінде облыстағы әр мешітте күн батқаннан кейін ауыз ашар беріледі. Қасиетті Рамазан айы – бұл шарапат айы екенін ұмытпау керек. Мүмкіндігі бар жамағатты ауқатсыз жандарға көмек көрсетуге шақырамын, - деді имам Б.Мансұров.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ