Атырау, 19 желтоқсан 00:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

NCOC тұрбаны «құпиялылық жағдайында» ауыстыру тендерін өткізуде

2 631 просмотра

«АЖ» NCOC компаниясына «Тұрбаларды жеткізу бойынша тендер аяқталды ма? Қандай компания жеңімпаз болды? Жаңа тұрбалар қандай материалдан және қандай ерекшелікте болады?» деген сұрақпен сауал жолдаған болатын.

Бізге мынадай жауап келді: «Қазіргі уақытта NCOC пен агент компаниялар теңіз нысанынан («D» аралы) бастап «Болашақ» мұнай және газды кешенді дайындау қондырғысына дейінгі мұнай және газ құбырларын қалпына келтіру жоспарын жасақтауда. Параллель құбырлардың (диаметрі 28 дюйм болатын) әрқайсысының ұзындығы 90 шақырымды құрайды. Екі желіні ауыстыру қажет, соған байланысты үздік нұсқаны таңдау үшін мұқият зерттеу жүргізілуде. НКОК-тың 2014 жылғы 9 маусымдағы баспасөз хабарламасында көрсетілгендей, Консорциум тұрба сегменттерін сатып алу үшін тендерлік процесстерді өткізуге кірісіп кетті және осы саланың негізгі өндірушілеріне техникалық және коммерциялық ұсыныстарымен таныстыруға  сұранымдар жолдады. Тендерлік процедуралар СКӨБК (Солтүстік Каспий жобасы бойынша өнімді бөлісу келісімшарты) сатып алу процедураларына сәйкес жүргізіледі. Осыған байланысты, сондай-ақ, тендердің мінсіздігін қамтамасыз ету үшін құпиялылықты сақтау қажет».

Егер бұрын Консорциумда «ішінара ауыстыру» туралы айтылған болса, енді қазіргі жауаптан Қашағанда 180 шақырым құбырдың барлығы ауыстырылатындығы айқын болды.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

27 маусым 2014, 11:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.