Атырау, 24 қараша 14:23
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қатерлі ісіктен көз жұмарынан бір күн бұрын сүйгеніне үйленіп үлгерді - ВИДЕО

1 883 просмотра
Қатерлі ісік ауруына шалдыққан жігіт қайтыс болар алдында сүйген қызына үйленді. Неке қию рәсімі Филиппин астанасы Маниладағы ауруханалардың бірінде болды. Келесі күні жігіт жанын жеген науқастан көз жұмды, деп хабарлайды ABS-CBN.

Роуден мен Лизл үйлену тойларын 2014 жылдың шілдесінде өткізуді жоспарлаған екен. Алайда 29 жастағы Роуден мамыр айында өзінің қатерлі ісікке шалдыққанын білген. Өлімнің дауасыздығын білген ол сүйген қызымен тез арада некесін қиюды ойлайды.

Бейнежазбада жас жұбайлардың жақындары көз жастарын тыя алмауда. Лизл Роуден екеуінен екі жыл бұрын туған қызын жетектеп келеді.

Бейнежазбаны YouTube-қа салған Роуденнің ағасы оны барлық әлемнің тамашалауын қалағанын айтты.

Қазір видеоны 3 млн-нан астам көрген.

Дереккөз: ҚазАқпарат

27 маусым 2014, 09:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.