БАӘ-нің вице-президенті мен премьер-министрі М.Әл-Мактум Дубай басшысы ретінде әмірлік пен шетелдің 892 сотталушысын 27 маусым күні басталатын Рамазан айына байланысты түзету және жазалау мекемелерінен босатуға бұйрық берді.
Дубайдың бас прокуроры Эссам Эйса Аль Хумайдан әмірліктің полициясы мен қадағалаушы органы шейх Мохаммедтің жарлығын орындауға кіріскенін мәлімдеді. Дегенмен, БАӘ прокуратурасы сотталушылардың қай санаты амнистияға ілігетіні жайлы нақтылаған жоқ.
Дереккөз: "Айқын"