Атырау, 24 қараша 13:19
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қытай билігі 2 жасар "маскүнемнің" өміріне алаңдап отыр

1 621 просмотра

Қытайдағы Аньхой провинциясының билігі екі жастағы сәбидің өміріне алаңдаушылық танытып отыр деп хабарлайды The Daily Mail. Чэн Чэн есімді сәбидің ата-анасы баланы спирттік ішімдік ішуге үйретіп қойған. Енді оның алкогольға деген тәуелділігі артып отыр. Мәселенің мән-жайын қазіргі таңда дәрігерлер мен әлеуметтік сала қызметкерлері айналысуда. 

БАҚ өкілдеріне "маскүнем" бала туралы ақпарат қалай жеткені белгісіз. Дегенмен, бұл мәлімет көпшілік назарына ұсынылғаннан кейін тұрғындар арасында наразылық туып, жағдайдан жергілікті билік өкілдері де хабардар болды.
Ең алғаш рет Чэн Чэн алкогольдің дәмін 9 айында татып көріпті. Тоқтамай жылаған сәбиін ата-анасы жұбата алмай, шарап беріп ұйықтатқан көрінеді. Кейін бұл әдіс оларға ұнап қалып, нәрестеге спирттік ішімдіктерді жиі беріп отырған.
Қазір екі жасқа келген Чэн Чэн бір шөлмек сыраны көзді ашып жұмғанша тауысып қояды. Ата-анасы алкогольді сүтпен немесе шырынмен алмастырып көрмек болған екен. Алайда, жаманға тез үйренген сәби өз сұрағанын алмайынша тоқтамай жылай береді.
Дәрігерлер қазіргі таңда сәбидің денсаулығын тексеріп жатыр. Нәтижелері әлі белгісіз. Дегенмен, қалай болғанда да нәрестенің ағзасында өзгерістер болады дейді олар. Ал, тәртіп сақшылары баласына алкоголь ішкізген ата-ананы тиісінше жазалауы мүмкін.

Дереккөз: Baq.kz

26 маусым 2014, 14:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.