Атырау, 24 қараша 13:55
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

АҚШ Ресейге қосымша санкциялар дайындады

1 780 просмотра
"АҚШ билігі Ресейге қатысты қосымша санкциялар дайындады және олар жуық арада енгізілуі мүмкін. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Мари Харф мәлімдеді" деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости ақпарат құралына сілтеме жасап.

"Бізде қосымша санкциялар бар, олар енгізілуге дайын. Біз Еуропамен келіссөздерді жалғастырамыз және дайын болғанда, біз белгілі бір уақытта оны енгіземіз. Олар өте тез енгізілетін болады" дейді Харф.

Оның сөзіне қарағанда АҚШ билігі Кремльдің Украинада қарулы күштерді пайдалану туралы шешімінің күшін жойып қана қоймай, сонымен бірге пәрменді қадам жасауы тиіс.

Естеріңізге сала кетсек, АҚШ пен ЕО референдум нәттижесінде Қырым Ресей құрамына кірген соң бірқатар ресейлік саясаткерлерге қатысты санкциялар жариялаған болатын. Кремль де сондай қарсы шара қолданған. Батыс одан кейін де бірнеше рет санкцияларды күшейтетінін мәлімдеген еді. Ондай санкциялар қатарында Ресейге мұнай-газ саласындағы жаңа технологияларды экспорттауға тыйым салу да бар.

Дереккөз: tengrinews.kz

 

26 маусым 2014, 14:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.