Атырау, 19 сәуір 23:32
 ашықВ Атырау +27
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Инженерлер мен жұмысшылар керек

2 570 просмотра

Атырауда алғаш рет Өңіраралық APEC Petrotechnic мұнай-газ саласындағы кадрларды дайындау және қайта даярлау орталығының базасында бос орындардың Atyrau Job Fair Exhibition жәрмеңкесі өтті.

Мақсаты –  «Болашақ» бағдарламасының, жоғары оқу орындарының, колледждердің түлектерін жұмысқа орналастыру. Жәрмеңкеге қатысуға 40 шақты жұмыс беруші, соның ішінде, «Теңізшевройл», Schlumberger, Imtech-Bolashak LLP, WorleyParsons, «Жігермұнайсервис», «ҚазТурбоРемонт» компаниялары тілек білдірді. Бос орындардың көпшілігі – инженер және жұмысшы мамандықтары.

Өз түйіндемесін ықтимал жұмыс берушінің өз қолына тапсырудан бөлек жұмыс іздеушілер жұмысқа орналастыру бойынша мемлекеттік бағдарламалар, кәсіпкерлікті қолдау, кәсіби оқыту және қайта оқыту туралы кеңес ала алады, сонымен қатар бизнес-тренингтен өте алады. Сонымен қатар, Өңірлік Кәсіпкерлер палатасының директоры, «Болашақ» бағдарламасының түлегі Асылбек ЖӘКИЕВ сөз алды. Бос орындар жәрмеңкесіне мыңнан астам адам келді.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген автор

26 маусым 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.