Атырау, 27 қараша 08:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Архимедтерге арналған автобус

1 276 просмотра

19 маусымда Қазақстанда жас ғалымдарға, өнертапқыштарға идеядан бастап өз жобаларын жүзеге асыруға дейінгі қызықты жолдан өтуге мүмкіндік беретін жыл сайынғы республикалық инновациялық бизнес-жоспарлар байқауы іске қосылды. 

Ұйымдастырушысы - «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» («ТДҰА») АҚ-ның қолдауымен Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі болып табылады. 23 маусымда Астанада Индустрия және жаңа технология министрі Әсет Исекешевтің қатысуымен салтанатты түрде «Инновациялық автобус» іске қосылды. Содан соң «ТДҰА» АҚ сарапшылар тобы мен түсіру командасы қызықты идеялар табу үшін ел аралауға аттанды. «Инновациялық автобус» бұл жолы 3D-принтер мен 3D-сканері бар мобильді техно-зертханамен жарақталған. Бұл жабдық байқауға қатысушыларға өз өнертабысының ерекшеліктерін сол жерде көрсетуге мүмкіндік береді. Атырауға автобус 15 шілдеде келеді.

Бұдан басқа, барлық облыс орталықтарында алғаш рет байқауға қатысуға өтініштер қабылдау қосындары, яғни, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның өңірлік кәсіпкерлікке қызмет көрсету орталықтарының жанынан байқаудың фронт-офистері ұйымдастырылды. Үміткерлер өз өтініштерін осы кеңселерде немесе онлайн-режимде www.natd.gov.kz агенттігінің сайтында қалдыра алады. Өтініштер 1 тамызға дейін қабылданады.

Өңірлерде байқаудың іріктеу кезеңдері, ал, Астанада финалдық кезең өтеді. Финалистер республикалық телеарналардың бірінде іске қосу жоспарланып отырған телешоуға қатысады. Бүкіл теледидар жобасының барысында қатысушыларға үздік бизнес-жаттықтырушылар көмектесетін болады. Нәтижесінде жеңімпаз 7,5 млн теңге, 2-ші және 3-ші орын алғандар 2,5 млн мен 1 млн теңге мөлшерінде грант алады.

Байқау 2010 жылдан бастап өткізіліп келеді, қатысушылар саны да үнемі өсіп отырады. 2012 жылы 298 өтініш, 2013 жылы 376 өтініш берілді, соның ішінде Атырау облысынан да бар. Өткен жылы Талдықорған тұрғыны Мырзахмет ТӨЛЕЕВ «Өңірлердегі су көтеру құрылғысы» жобасымен жеңімпаз атанды. Оның құрылғысы электр энергиясынсыз су айдауға және өзенді жағалай орналасқан аумақты суаруға мүмкіндік береді. Бұл жолы біздің облысымыздың тұрғындары қандай жоба ұсынар екен?

Зульфия ИСКАЛИЕВА

26 маусым 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.