Атырау, 27 қараша 08:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Шпроттардан сақ болыңыз!

1 800 просмотра

Атырау қалалық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасы атыраулықтардан қалбырдағы шпротты сатып алуда сақ болуға шақырады.

- Латвиядан шығарылатын қалбырланған шпрот құрамында бензапиреннің рұқсат етілген шекті мөлшерден төрт есе асып кеткендігі анықталды.Сондықтан 12 маусымнан бастап Қазақстан аумағына Латвиядан қалбырланған шпроттарды әкелу жөніндегі уақытша санитарлық шаралар күшіне енеді, - деп хабарлады басқарманың бас маманы Эльвира Омашева.

Алайда, қалалық басқарма ескерткендей, дүкен сөрелерінде тыйым салынғанға дейін алынған қауіпті қалбырлар болуы мүмкін. Мына шпроттарды сатып алмаған жөн: майдағы шпрот «Либава», 160 г, 240 г (өндіруші «Kolumbiya LTD» ЖШҚ, Лиепая қ.); «Шпроты в масле», 160 г (өндіруші «Званы» ЖШҚ, Рига қ.); «Рижские шпроты в масле «Либава», 240 г (өндіруші «Унда» ЖШҚ, Энгуре пос.); «Рижское золото» шпрот паштеті, 160 г, (өндіруші «Гамма А» ЖШҚ, Рига қ.); «Шпроты крупные в масле «Рижская жемчужина», 160 г (өндіруші «Roja» F.C.T» ЖШҚ, Рига қ.); майдағы шпрот, 160 г (өндіруші «Куршу Земе» ЖШҚ, Церибас қ.).

Тамара СУХОМЛИНОВА

«АЖ» анықтамасы
Бензапирен – полициклді хош иісті көмірсутек, бірінші класты қауіптіліктегі канцероген. Сондай-ақ, өнімдерді ыстау кезінде түзіледі.

26 маусым 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.