Атырау, 5 желтоқсан 09:31
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырау полициясы өз ғимаратын «миналаған» тұлғаны іздестіруде

2 764 рет қаралды

"АЖ" мұрағатынан алынған суретБүгін, 25 маусымда сағат 15-те «02» кезекші пультіне Атырау қалалық ІІБ мен Атырау облыстық ІІД ғимараттарына жарылғыш заттар қойылғандығы туралы жасырын  қоңырау түсті.

Екі ғимаратты та саперлар мен кинологтар мұқият тексеріп шықты, бомба табылған жоқ. ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, ҚР ҚК-нің 242-бабы («Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыскерді іздестіру жұмыстары жүргізілуде.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

25 маусым 2014, 20:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.