Атырау, 24 қараша 13:51
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Тәжікстан шетелдіктердің митингтерге қатысуына тыйым салды

1 692 просмотра

Тәжікстан билігі шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың митингтерге, наразылық акциялары мен шерулерге қатысуына ресми түрде тыйым салды, деп хабарлады ВВС.

Сәрсенбіде Тәжікстан парламенті митингтер мен шерулерді өткізу ережесі туралы заңнамаға тиісті түзетулер мен толықтыруларды енгізуді мақұлдады. Осыған сәйкес енді шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарда акцияларға қатысу және оны өткізу құқығы болмайды.

Байқаушылардың пайымынша, наразылық акцияларына шетелдіктердің қатысуына тыйым салу шаралары Украинадағы оқиғаларға байланысты болуы мүмкін.

Кейбір депутаттардың пікіріне қарағанда, Украинадағы биліктің ауысуына «сыртқы күштер» әсер етті.

Дереккөз: ҚазАқпарат

25 маусым 2014, 19:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.