Атырау, 28 наурыз 21:37
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Аудан жаңалықтары

2 758 просмотра

Жаңартылған ескі бақша

Құлсары қаласында 140 орындық балабақша іске қосылды.

90-жылдары мектеп ретінде жұмыс істеп, кейін қаңырап бос тұрған ескі балабақша ғимаратында жаңа балабақша жұмысын бастады.

1987 жылы салынған ғимарат күрделі жөндеуден өткен соң қайтадан балаларды қабылдады. Жалпы, қалада қазір балабақша кезегінде тұрған 4 000 бала бар.

***

 

Саябақ ашылды

ТШО-ның демеушілігімен Құлсары қаласында жаңа саябақ ашылды.

Саябақ орындықтармен, балалар әткеншегімен, түрлі аң мүсіндерімен және хауызбен жарақталған.  

***

 

Он жылдан соң...

Аққыстау ауылындағы «Өркен» ықшам ауданынан 60 пәтерлік үш қабатты тұрғын үй құрылысы басталып кетті.

Құрылысты оралдық «ЭскоАзияТехСтрой» ЖШС жүргізуде. Оған бюджеттен 619 млн теңге бөлінген.  

Мердігер ағымдағы құрылыс жұмыстарын осы жылдың аяғында бітіруге міндет жүктеген.

Араға он жыл салып қолға алынып отырған тұрғын үй құрылысы соңғы жылдары жылжымай қалған баспана кезегіне қозғау салатын болды.

***

 

400 орындық мәдениет үйі

ТШО-ның демеушілігімен Аққыстау ауылында 400 орындық мәдениет үйінің құрылысы қолға алынбақ.

Құрылыс мердігері - «АтырауСтройреммонтаж» ЖШС.  

***

 

Жаңа амбулатория

Махамбет ауданы Ақжайық ауылында дәрігерлік амбулатория ашылды.

Жаңа емдеу мекемесі күніне 20 емделушіні қабылдайды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

26 маусым 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.