Атырау, 30 қыркүйек 04:49
 дождьВ Атырау +14
$ 439.37
€ 498.60
₽ 5.22

«Бізде енді басқа кесте»

1 525 рет қаралды



Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінде өткен селекторлық кеңесте Атырау ЖЭО қызметі сынға алынды.

«АЖЭО-да турбоагрегаттарды жөндеу кестесінен қалыс қалу байқалады. Жалпы кәсіпорындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны жеткіліксіз деп бағаланды», - делінген еліміздің Энергоқадағалау қызметінің сайтында.

Біз комментарий алу үшін «АЖЭО» АҚ бас инженері Борис РАМАЗАНОВҚА (суретте) хабарластық.

– Мәселе мынада, біз Энергоқадағалау комитетінде бұрын бекітілген жөндеу кестесін қайта қарап шықтық. Мерзімді ұзарттық, есесіне жөндеуді анағұрлым мұқият жүргіземіз. Қосалқы бөлшектерді көбірек сатып алып, қысқа сапалы дайындық жүргіземіз, - дейді Б. Рамазанов. – Ал, Энергоқадағалау ескі жөндеу мерзіміне сілтеме жасаған, жанжал осыдан туындап отыр. №4, 6 турбоагрегаттар мен №2, 9 қазандықтар уақытында жөндеуден өтетін болады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

26 маусым 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.