Атырау, 30 қыркүйек 04:47
 дождьВ Атырау +14
$ 439.37
€ 498.60
₽ 5.22

Cаябақта оқ атылды

2 262 рет қаралды

19 маусымда кешке Құлсары қаласында мылтықтан оқ атылып, 20 жастағы жігіт жарақаттанды.

«Достық» саябағында демалып отырған Қосшағыл ауылының тұрғыны Б-ға белгісіз адам оқ атып, қолын жарақаттаған. Зардап шеккен жас жігіт ауруханаға жеткізілгеннен кейін оған шұғыл медициналық көмек көрсетілді.

- Бұл факт бойынша ҚР ҚК 257-бабы 3-бөлігімен («Атыс қаруын қолдану арқылы жасалған бұзақылық») қылмыстық іс қозғалды, -дейді Жылыой ауданы прокурорының орынбасары Жәнібек ҚАРАЖАНОВ. – Қылмыскерді іздестіру жүріп жатыр.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

26 маусым 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.