Атырау, 25 желтоқсан 15:24
 ашықВ Атырау -9
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

«Кеңсе» ісі

1 717 рет қаралды

Атырау облысы бойынша қаржы полициясы департаменті Махамбет аудандық ауруханасында қаржы ұрланғандығы туралы ақпарат таратты.

Баспасөз хабарламасында 15 маусымда қаржы полициясының ҚР ҚК-нің 176-бабы 3-тармағының «б», «г» тармақшалары («Мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамның сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алуы немесе ысырап етуі») бойынша «Махамбет ауданының орталық ауруханасы» КМК бас дәрігері азамат Е-ге және бас есепші М-ға қатысты қылмыстық іс қозғағаны жазылған.

2012 жылдың 19 қыркүйегінде аурухана басшылығы кәсіпкер Ш-мен кеңсе тауарларын жеткізу жөнінде келісімшарт жасаған. Тауар жеткізілмеген, алайда аталмыш тұлғалар қабылдау актісіне қол қойған. Осылайша мемлекетке 2 млн теңге сомасында зиян келтірді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

26 маусым 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.