Оқырмандарымыздың футболдан әлем чемпионатына деген қызығушылығын ескере отырып, «АЖ» ең дәл футбол болжамына бәйге жариялайды. Сұрақтар:
1. Финалда қандай екі команда кездеседі?
2. Кім әлем чемпионы болады?
3. Финалдық матчтың есебі қандай болады?
26 маусым күнгі газет номерінен бланканы қиып алып (көшірме қабылданбайды), оған атын, тегін, әкесінің атын, телефонын (немесе мекенжайын) жазып толтырады. Біздің мөртаңбамыз соғылғаннан кейін болжамның бір бөлігі қатысушының қолында қалады. Бланкілер «АЖ»-ның барлық хабарландыру қабылдау қосындарында (олардың мекенжайлары мен жұмыс тәртібін 34-беттен немесе сайттан қараңыз) 30 маусым сағат 17.00-ге дейін қабылданады. Жеңімпазға сыйлық - 100 000 теңге. Егер дәл болжамдар біреуден көп болса, онда бұл сома жеребе бойынша сарапқа салынады. Іске сәт!