Атырау, 18 мамыр 04:15
 бұлттыВ Атырау +18
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Исатай ауданында жаңа әкім

5 362 просмотра

Фото: atyrau.gov.kzФото: atyrau.gov.kz23 маусым күні Исатай ауданының жаңа әкімі болып Тұрарбек СҰЛТАНБЕКОВ тағайындалды. Ол 19 маусымда Атырау қаласы әкімі болып тағайындалған Нұрлыбек ОЖАЕВТЫҢ орнына келіп отыр.    

Т.Сұлтанбеков 1959 жылы дүниеге келген. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын тәмамдаған. Исатай аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы, сәулет және құрылыс бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді. 2009 жылдан бастап Исатай ауданы әкімінің орынбасары, 2012 жылдан 2013 жылға дейін Исатай ауданының әкімі лауазымдарын атқарды. 2013 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы қызметінде болды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

23 маусым 2014, 17:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.