Атырау, 24 қараша 14:11
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қадыров қылмыскерлер туралы ақпаратқа 10 млн рубль сыйақы жариялады

2 099 просмотра

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров өзінің Instagram парақшасында полиция қызметкерін өлтірген қылмыскер жайында шынайы ақпарат берген адамға 10 млн доллар сыйақы беретінін мәлімдеді. 

«Мен қылмыскердің атын атап, оның қазір қайда екенін айта алатын адамға 10 миллион рубль сыйақы беруді шешіп отырмын. Ал, қылмыскердің көзін жойған жанға Қадыров ордені беріліп, ол құнды сыйлықпен марапатталатын болады" дейді Рамзан Қадыров интернеттегі парақшасында.
Шешенстан басшысының болжамынша, қылмыскер ел аумағына шеттен келуі әбден мүмкін.
Айта кетейік, 22 маусым күні көшеден өтіп бара жатқан тәртіп сақшысы Магомед Дапаевті белгісіз біреу атып өлтіріп, оқиға орнынан бой тасалаған болатын.

Дереккөз: Baq.kz

23 маусым 2014, 14:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.