Голан шыңдарында Израиль Сирия әскері нысандарына әуеден соққы берді.
Бұл әрекет күні бұрын осы маңайда болған көлік жарылысына жауап ретінде Израиль тарапынан жасалған. Алдын ала болжамдарға қарағанда күлі көкке ұшқан көлік Израиль сарбазына тиесілі болған. Оқиғадан 13 жастағы бала мен тағы екі ересек адам қаза болды. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, бұған дейін де Израиль бірнеше рет Сирияға соққы берген.
Дереккөз: 24.kz