
БҰҰ Ауғанстандағы миссиясының басшысы Ян Кубиш бірқатар әлеуметтік желілерде "этникалық бөлінушілікке" бастайтын және 1990 жылдардағы мыңдаған адамды құрбан еткен фракциялық қақтығыстарды еске түсіретін қатерлі үндеулер жариялана бастағанын мәлімдеді.
Тәжік диаспорасының өкілі, Ауғанстан президенттігіне кандидат, елдің бұрынғы сыртқы істер министрі Абдулла Абдулла 14 маусым күні өткен сайлаудың екінші кезеңінде сайлау комиссиясын дауыс беру нәтижелерін бұрмалады деп айыптаған еді. Содан бері оның жақтастары наразылық акцияларын өткізіп келеді.
"Талибанға" қарсы Абдулла Абдуллаға бұл сайлауда Ауғанстанның бұрынғы қаржы министрі, ұлты пуштун Ашраф Гани бәсекелес.
Дереккөз: Азаттық радиосы
23 маусым 2014, 09:29