Сондай-ақ Порошенко Украинаның жаңа бас прокуроры Виталия Яреманы жұртшылыққа таныстырып, оған ақпан айында Майданда бейбіт адамдарға оқ атқандардың ісін тергеуді аяқтауды тапсырды.
"Украина билігі енді ешуақытта бейбіт тұрғындарға оқ атпауы тиіс. Біз осыған қатысты бірінші болып үлгі көрсетуіміз керек. Біз Януковичті жеңдік. Енді қарақшыларды да жеңеміз. Біз Майданға шыққандар үшін жаңа мемлекет құрамыз" деді Порошенко.
Порошенкоға халықтың сенімді өкілі Майданның рухани кеңесінің мүшесі дін өкілі Стефан белсенділердің үндеуін оқыды. Үндеуде: "Қазіргі уақытта әскери саланы сіздің жеке бақылауға алуыңызды өзекті мәселе санап отырмыз.
Басқарма құрамы толық ауыстыруды қажет етеді. Украинаның шекарасын бекемдеу үшін қарулы күштер саласын қайта құрылымдау қажет. Ал кезек күттірмейтін парламент сайлауын жаңа заң аясында ашық партиялық тізіммен өткізу керек" делінген.
Порошенко Жоғарғы Рада сайлауы күзде өткізілетінін және саяси партияларды қаржыландыруды ашық әрі таза ету үшін жаңа заң қабылдау қажеттігін баса айтты.
Дереккөз: tengrinews.kz