Атырау, 27 қараша 08:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

«Тальго» пойызы разъезде 10 сағат тұрып қалды

1 801 просмотра

21 маусымда Атыраудан Астанаға жолға шыққан №19/20 «Тальго» жолаушылар жүрдек пойызы 2 сағаттан кейін ақаулық салдарынан тоқтатылды. Мәжбүрлі тоқтау уақыты 10 сағаттай уақытты құрады.

Егей-тегжей туралы бізге Атырау көлік прокуратурасы хабарлады:

- №19/20 «Тальго»пойызы Атыраудан 21 маусымда сағат 20.05-те шықты. Сағат 22.05-те «Ескене-Доссор» аралығының 441-ші разъезінде ол бірінші және екінші вагондар арасындағы пневмоаспа баллонының ақаулығы салдарынан тоқтады. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Пойыз 171 жолаушы мен 25 жолсеріктен құралған 18 вагоннан тұрады. Мақат стансасына пойыз тоқтатылған жерге ПЖБ (полицияның желілік бөлімшесі) тергеу-жедел тобы жетіп, бастапқы материалдарды жинақтауда. Қазіргі уақытта №19/20 жолаушылар пойызының ақауы жойылып, 22 маусымда таңертең ол тоқтаған жерінен қозғалып кетті.

«Қазір пойыздың өз кестесіне сай қозғалуы үшін бүкіл шаралар алынуда. Оны өткізіп жіберетін болады және аялдау уақыты қысқартылады, - деп хабарлады ҚТЖ сайтында «Жолаушылар пойызы» АҚ баспасөз қызметі. – Қазір Астанаға жету уақытын дәл айту қиын. Ол кешігетін шығар. Бірақ 10 сағатқа емес».

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

23 маусым 2014, 09:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.