Осыдан он жыл бұрын, 2004 жылдың маусымында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Саламат МҰҚАШЕВ өмірден өтті. Ол еңбек жолын 1941 жылы 14 жасында мұнай кенішінде оператор болудан бастап, 1988 жылы ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Төрағасы болып аяқтады.
Әр жылдары Саламат Мұқашев комсомол, кәсіподақ органдарында жұмыс істеді, Ембі (Жылыой) аудандық комитетінің, Гурьев және Маңғышлақ облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы, КСРО мен Қазақ ССР Жоғарғы Кеңестерінің бірнеше шақырылымына депутат болды, бірнеше ордендермен марапатталды және ондаған кітаптың авторы. Еңбегі сіңген жерлесімізді еске алу асы сенбіде, 21 маусымда Атырау қаласындағы мейрамхана кешендерінің бірінде өтті.
Өз ақпаратымыз