Атырау, 27 қараша 08:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Кеме терең жерді іздейді

2 824 просмотра

«Атыраубалық» кеме тұру айлағында үстіміздегі жылдың мамыр айында «Зенит» Орал зауыты» АҚ догынан суға түскен «Сарыарқа» ракета-артиллериялық кораблі тұр. 

«Сарыарқа» – «Зенит» зауытынан мемлекеттік қорғаныс тапсырысына сәйкес шығарылған 21-ші кеме. Оның жалпы салмағы - 250 тонна, ұзындығы – 42 метр, ені 7,8 метр, жүріс жылдамдығы – 25-30 миль/сағат, жүзу ұзақтығы – 1 200 миль. Экипаж құрамы – 23 адам.

«Зенит» Орал зауыты» АҚ бас директоры Вячеслав ВАЛИЕВ «АЖ»-ға телефон арқылы барлық жаңа кемелерге суға түсірілгеннен кейін соңғы қосу жұмыстары жүргізіледі, яғни, барлық тетіктер мен аспаптардың жұмысы тексеріледі, қозғалтқыш, генератор, басқару жүйесі сынақтан өтеді.  

Оралда өр суы Атырауға қарағанда ерте басылады. Сондықтан да осындай үлкен салмағы бар кемені жоғары жақта қалдыру қауіпті болды. Оны Атырауға сүйреп алып келіп, қосу-өңдеу жұмыстары сәтті өткізілді. Келесі аптада «Сарыарқа» өз жүрісімен Маңғыстау облысындағы Баутино портына барып, соңғы сынақтан өтеді және ҚР Қарулы күштерінің әскери бірлігі ретінде балансқа алынады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қаната ЕЛЕУОВ

20 маусым 2014, 16:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.