Атырау, 1 қазан 12:29
 ашықВ Атырау +15
$ 481.19
€ 538.45
₽ 5.18

Майор өзінің «қалпақ астында» жүргенін білмеген

2 362 просмотра

Жыл басынан бері Атырау гарнизонының әскери қызметшілері бес қылмыс жасаған. Әскери сотта алты қылмыстық іс қарастырылды (үшеуі 2013 жылдан қалған). Олардың бірі сыбайлас жемқорлық санатына жатады.

Батыс өңірі әскери прокурорының орынбасары Руслан АЛМАХАНОВ хабарлағандай, майорРуслан СҮЛЕЙМЕНОВ Құрманғазы ауданының мемлекеттік шекарасындағы «Құрманғазы авто» бақылау-өткізу қосынында шекаралық бақылау бөлімі бастығы ретінде әскери қызмет еткен. Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, өткен жылдың қыркүйегі мен қарашасында офицер ҰҚКД қызметкеріне «қызметі бойынша жалпы қамқорлығы үшін» 40 мың және 100 мың ресейлік рубль мөлшерінде пара берген. Ол өзінің ҰҚКД-нің жедел бақылауында болғанын білмеген.

Өткен жылдың аяғында ол қамауға алынып, жақында оған әскери сот шартты түрде екі жылға бас бостандығынын айыру үкімін шығарды. Үкім заңды күшіне енді.  

Үкім сотталушы қызмет еткен әскери бөлімшенің офицер құрамының алдында оқылды, - деп хабарлады Р.Алмаханов.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

20 маусым 2014, 12:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.