Фото: dknews.kzАлматы. 20 маусым. ҚазТАГ – Иран Ислам Республикасының (ИИР) үкіметі инвестицияны тарту және елдегі экономикалық белсенділікті арттыру мақсатында салықтық жеңілдік қарастырған кешенді бағдарлама дайындауда, деп хабарлады Иран телеграф агенттігі (ИрТАГ)www.irtag.infoжұма күні.
Иран экономика және қаржы министрі Али Тайебниёнің айтуынша, ИИР экономикасы мұнайдолларына өте қатты тәуелді, және ол биылғы мемлекеттік бюджеттің 70%-ын құрайды.
Министр Иран үкіметінің мұнай экспортына тәуелділіктен кетуге қолдан келгеннің бәрін жасап жатқанын, оның ішінде салық жүйесін дамытып, бизнес ортаны жақсартуда екенін атап көрсетті.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Иран ауылшаруашылығы саласына инвестиция салған шетелдік инвесторларға шектеусіз уақытқа 100%салықтық жеңілдік берген. Одан басқа ИИР тау-кен өнідірсі, өнеркәсіп саласына да инвестиция салатындарға 80% салықтық жеңілдік қарастырып жатыр. Сондай-ақ Иранның еркін экономикалық аумағында 20 жылға салықтьық жеңілдік қарастырылуда.
Дереккөз: ҚазТАГ